229 миллион евро. Әлемдегі жалақысы жоғары 10 футболшы

/uploads/thumbnail/20190116112000541_small.jpg

Әлемдегі  табысы көп футболшылардың тізімі жария етілді деп хабарлайды «Qamshy.kz агенттігі Football Benchmark  порталының ақпаратына сүйене отырып. Сонымен ойынымен дүйім жұртты тәнті етіп жүрген қай футболшы? Әлемде кімнің жалақысы жоғары? Әрине, дәулеті тасыған, шебер ойынымен  жұртты тәнті еткен, айлығы жоғары футболшылар туралы сөз еткенде тізімнің басында Бразилия футболшысы Неймардың  тұратыны сөзсіз. Сарапқа салсақ, қазір ол әлемдегі ең қымбат ойыншылардың біріне айналып  отыр. Дерекке жүгінсек, соңғы жылдары ол жалақысы жоғары футболшы ретінде көштің тізгінін ешкімге бермей келеді. Тіпті бұл ондыққа футбол сүйер қауымның сүйікті ойыншысы Криштану Роналдудың өзі де енбей қалған көрінеді.

  1. Неймар (ПСЖ) – 229 млн евро
  2. Килиан Мбаппе (ПСЖ) – 215 млн
  3. Лионель Месси («Барселона») – 203 млн
  4. Мохамед Салах («Ливерпуль») – 168 млн
  5. Гарри Кейн («Тоттенхэм») – 151 млн
  6. Эден Азар («Челси») – 148 млн
  7. Кевин де Брюйне («Манчестер Сити») – 129 млн
  8. Антуан Гризманн («Атлетико») – 126 млн
  9. Поль Погба («Манчестер Юнайтед») – 119 млн
  10. Филиппе Коутиньо («Барселона») – 118.

Оставить комментарий

Связанные Статьи